09.04.2026 20:07

Чемпиондар лигасының үздік ойыншысы белгілі болды

09.04.2026 20:07

Мануэль Нойер Чемпиондар лигасы 1/4 финалының бірінші матчтары бойынша үздік ойыншы атанды

«Бавария» қақпашысы «Реалға» (2:0) қарсы матчта тоғыз сейв жасады. Осылайша ол жанкүйерлердің дауыс беру нәтижесінде Давид Райяны («Арсенал»), Хвича Кварацхелияны (ПСЖ) және Хулиан Альваресті («Атлетико») артқа тастады.

  1. Нойер («Бавария») — тоғыз сейв

  2. Райя («Арсенал») — бес сейв

  3. Кварацхелия (ПСЖ) – бір гол

  4. Альварес («Атлетико») – бір гол.

40 жастағы неміс голкипері осы маусымда 31 матчта 30 гол өткізіп, 10 ойында қақпасына доп жібермеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram