28.10.2026 14:11

«Челси» жұлдызы ПСЖ-ға ауысуы мүмкін

28.10.2026 14:11

«Челси» шабуылшысы Эстевао ат басын Францияға бұруы мүмкін

Foot01 хабарлауынша, оған ПСЖ қызығушылық танытып отыр. Париж клубының бас бапкері Луис Энрике және кеңесші Луиш Кампуш Эстеваоны өз командасында көргісі келеді. ПСЖ 19 жастағы бразилиялық вингерді қысқы трансфер кезеңінде жалға алуды көздейді.

«Челси» Эстеваоны 2025 жылдың жазында «Палмейрастан» 45 миллион еуроға сатып алған еді. Ол осы маусымда сегіз матчқа қатысты, бірақ нәтижелі әрекетімен көзге түсе алмады. Оның «көктермен» келісімшарты 2033 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram