27.10.2026 19:50

Хвича Кварацхелияға ота жасалды

27.10.2026 19:50

ПСЖ дүлдүлі Хвича Кварацхелияның жағдайы белгілі болды

25 жастағы грузиялық вингер «Барселонаға» (2:4) қарсы кездесуде оң жақ тізесінің айқыш байламын үзіп алған еді. Осыған байланысты оған бүгін Қатар астанасы Дохада ота жасалды. Енді Хвича алаңға шамамен 9-12 айдан кейін оралады.

Париждің клубы Кварацхелияны 2025 жылдың қаңтар айында «Наполиден» 80 миллион еуроға сатып алған еді. Ол осы маусымда 11 матчта екі гол соғып, бір нәтижелі пас берді. Хвичаның ПСЖ-мен келісімшарты 2029 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram