27.10.2026 17:22

ПСЖ Фермин Лопеске ұсыныс жасамақ

27.10.2026 17:22

«Барселона» жартылай қорғаушысы Фермин Лопес ПСЖ-ға ауысуы мүмкін

Экрем Конурдың хабарлауынша, Париждің клубы оған ұсыныс жасауға дайындалып жатыр. Одан бөлек Ферминге «Арсенал» мен «Челси» көз тігіп отыр екен.

Лопес – «Барселонаның» төл түлегі. 23 жастағы испаниялық жартылай қорғаушы осы маусымда 12 матчта бес гол соғып, төрт нәтижелі пас берді. Оның Каталония клубымен келісімшарты 2031 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram