13.12.2025 22:00

«Челси» сенімді жеңіске жетті

13.12.2025 22:00

Ағылшын Премьер-лигасының 16-турында «Челси» өз алаңында «Эвертонды» тізе бүктірді

«Стэмфорд Бридж» стадионында өткен кездесуде 2:0 есебі тіркелді. Алаң иелерінің сапында Коул Палмер мен Мало Гюсто мергендік танытты.

Осылайша Лондонның клубы 28-ұпайын еншілеп, live-турнир кестесінде төртінші орынға жайғасты.

Энцо Маресканың шәкірттері келесі турда 20 желтоқсан күні «Ньюкаслға» қонаққа барады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram