13.12.2025 20:37
Экитике АПЛ осы маусымындағы ең жылдам голды соқты
13.12.2025 20:37
Ағылшын Премьер-лигасының 16-туры аясында «Ливерпуль» өз алаңында «Брайтонды» жеңіп жатыр

Матч есебін 1-минутта Уго Экитике ашты. Оған гол соғу үшін небәрі 46 секунд жеткілікті болды. Осылайша бұл Англия чемпионатының осы маусымдағы ең жылдам голы болып тіркелді.
Қазір матчтың 36-минуты өтіп жатыр. Әзірге есеп 1:0. Ал «Ливерпуль» live-кестеде 26 ұпаймен алтыншы орынға көтеріліп тұр.
Айта кетейік, бұл Экитикенің осы маусымдағы 22-матчындағы сегізінші голы болды.