13.12.2025 21:39
Анчелотти Бразилиямен келісімшартын ұзартады
13.12.2025 21:39
Бразилия құрамасы бас бапкер Карло Анчелоттимен келісімшартты ұзартқысы келеді

Globo хабарлауынша, қос тарап келісімді 2030 жылға дейін ұзарту туралы келіссөз жүргізіп жатыр. Сондай-ақ «селесао» Әлем чемпионы атанған жағдайда Анчелоттиге ірі көлемдегі сыйақы қарастырылады екен.
Қазіргі таңда 66 жастағы Италия маманы жылына 10 миллион еуро табыс табады. Бұл – халықаралық футболдағы ең жоғарғы жалақы.
Анчелотти «пентакампеондар» тізгінін мамыр айында ұстаған еді. Оның тұсында команда төрт рет жеңіске жетіп, екі мәрте тең түсіп, екі матчта қарсыласына жол берді.
Айта кетейік, Бразилия 2026 жылғы Әлем чемпионатында Марокко, Гаити және Шотландиямен С тобында ойнайды.