01.01.2026 15:25
«Челси» бүгін бапкерсіз қалуы мүмкін
01.01.2026 15:25
«Челси» бас бапкері Энцо Мареска қызметінен кетуі мүмкін

The Guardian хабарлауынша, 45 жастағы италиялық маман клуб басшылығымен сөзге келіп қалыпты. Осыған байланысты бүгін, 1 қаңтарда орнын босатуы мүмкін.
4 қаңтар күні Ағылшын Премьер-лигасының 20-туры аясында өтетін «Манчестер Ситиге» қарсы матчта Лондонның клубын нақты кім бастап шығатыны қазір белгісіз болып тұр.
Мареска «Челси» тізгінін 2024 жылдың жазында ұстаған еді. Соңғы тоғыз ойында небәрі екі рет қана жеңіске жеткен «ақсүйектер» ішкі чемпионатта бесінші орында келеді.