04.04.2026 14:13

Бруну Фернандеш «Манчестер Юнайтедтен» кетуі мүмкін

04.04.2026 14:13

«Манчестер Юнайтед» капитаны Бруну Фернандеш клуб ауыстыруы мүмкін

Caught Offside хабарлауынша, оны ПСЖ және «Бавария» өз қатарынан көргісі келеді. Манкуниандықтар майлы ұсыныс түсіп жатса, басты ойыншысын маусым соңында сатып жіберуге дайын екен.

31 жастағы португалиялық жартылай қорғаушы Манчестер клубының намысын 2020 жылдан бері қорғап келеді. Ол осы маусымда 30 матчта сегіз гол соғып, 17 нәтижелі пас берді.

Бруну жақында Ағылшын Премьер-лигасының наурыздағы үздік ойыншысы атанғанын айта кетейік.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram