04.04.2026 14:02
Манчини Италияға оралуға дайын
04.04.2026 14:02
Қатардың «Әл-Садд» клубының бас бапкері Роберто Манчини Италия тізгінін қайта қолға алуы мүмкін

Руди Галетти хабарлауынша, 61 жастағы маман құрамаға оралуға дайын. Онымен қоса үміткерлер қатарында «Наполи» тәлімгері Антонио Конте мен «Милан» жетекшісі Массимилиано Аллегри бар.
Осыған дейін Манчини «скуадра адзурраны» 2018-2023 жылдар аралығында жаттықтырған еді.
Айта кетейік, Италия Әлем чемпионатына іріктеу турнирінің финалында Босния және Герцеговина құрамасына 1:1 (1:4) есебімен жол беріп, қатарынан үшінші мундиальдан тыс қалды. Нәтижесінде федерация президенті Габриэле Гравина, делегация басшысы Джанлуиджи Буффон және бас бапкер Дженнаро Гаттузо қызметінен кетті.