05.12.2025 06:29
Бруно «Вест Хэмге» гол соға алмай келеді
05.12.2025 06:29
Бруну Фернандеш «Вест Хэм» қақпасына 12 матчта 40 соққы жасады, бірақ бірде-бір гол соға алмады

«Манчестер Юнайтед» өз алаңында АПЛ-дың 14-турында «Вест Хэммен» 1:1 есебімен тең түсті.
Алаң иелерінің жартылай қорғаушысы Бруну Фернандеш бұл ойында қақпаға 6 рет соққы жасады, бірақ гол соға алған жоқ.
31 жастағы футболшының бүкіл мансабында «Вест Хэмге» қарсы 12 матчта 40 соққы жасағанына қарамастан, бірде-бір голы жоқ.