04.10.2026 21:57

Беллингем «Реалда» қалады

04.10.2026 21:57

«Реал» жартылай қорғаушысы Джуд Беллингем клубта қалады

TEAMtalk хабарлауынша, қос тарап келісімшартты 2031 жылдың 30 маусымына дейін ұзартуға жақын. Жаңа келісімге сәйкес, Джудтың бір маусым үшін алатын жалақысы 20 миллион еуродан 30 миллионға көтеріледі екен. Осылайша ол Килиан Мбаппе мен Винисиус Жуниордікіндей табыс таппақ. «Бланкос» Беллингемнің болашақта «Алтын доп» ала алатынына кәміл сенеді.

Мадридтің клубы Беллингемді 2023 жылы Дортмундтың «Боруссиясынан» 127 миллион еуроға сатып алған еді. 23 жастағы англиялық ойыншы осы маусымда жеті матчта үш гол соғып, үш нәтижелі пас берді. Ал қазіргі келісімшарты 2029 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram