03.10.2026 23:06
Англия Хорватияны 7:0 есебімен жеңді
03.10.2026 23:06
Англия Ұлттар лигасындағы үшінші ойынында Хорватияны сырт алаңда 7:0 есебімен ойсырата жеңді

Риекада өткен кездесуде Харри Кейн мен Букайо Сака дубль жасаса, Джуд Беллингем, Энтони Гордон және Морган Роджерс бір голдан соқты.
Осылайша «үш арыстан» 6-ұпайын еншілеп, А лигасындағы үшінші топта екінші орынға көтерілді. Ал Хорватия үш ұпаймен үшінші орында тұр. Одан бөлек бұл квартетте көш бастап тұрған Испания мен соңғы сатыға жайғасқан Чехия бар.
Айта кетейік, бұл Хорватия құрамасының тарихтағы ең ірі жеңілісі болып тіркелді.