03.10.2026 22:39
Конате «Вильярреалға» қарсы ойнамайды
03.10.2026 22:39
«Реал» қорғаушысы Ибраима Конатенің жағдайы белгілі болды

27 жастағы ойыншы Франция құрамасында оң аяғының тізе байламын зақымдап алған еді. Marca хабарлауынша, ол осыған байланысты 10 қазан күні Ла Лиганың 8-туры аясында өтетін «Вильярреалға» қарсы ойынға қатыспайды.
Осылайша Мадридтің клубында тек бір орталық қорғаушы – Антонио Рюдигер қалды. Бұған дейін Дин Хейсен «Атлетикоға» (1:2) қарсы дербиде қызыл қағаз алса, Рауль Асенсио оң аяғының жіліншік сүйегіне ота жасатып, шамамен төрт айға қатардан шықты. Ал Эдер Милитао өткен маусымда алған бұлшық ет жарақатынан әлі айыға алмай жатыр. Соның салдарынан бас бапкер Жозе Моуринью амалсыздан Орельен Тчуамениді орталық қорғаушы ретінде ойынға шығаруы әбден мүмкін.
Жеті турдан кейін 15 ұпай жинаған «бланкос» Испания чемпионатында төртінші орында келеді.