02.10.2026 15:28

АПЛ үздік ойыншысы белгілі болды

02.10.2026 15:28

Паскаль Гросс Ағылшын Премьер-лигасының қыркүйектегі үздік ойыншысы атанды

35 жастағы «Брайтон» жартылай қорғаушысы осы айда үш матчта екі гол соғып, үш нәтижелі пас берді.

Осылайша Германия құрамасының ойыншысы дауыс беру нәтижесінде Мұхамед Белуми («Халл»), Джейден Богл («Лидс»), Александер Исак, Жереми Жаке (екеуі де – «Ливерпуль»), Харалампос Костулас («Брайтон»), Кевин Шаде («Брентфорд») және Антуан Семеньоны («Манчестер Сити») артқа тастады.

Тамызда бұл жүлдені «Челси» шабуылшысы Жоао Педро иеленген еді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram