30.09.2026 23:22

Криштиану Роналду Ұлттық құрамадағы мансабын аяқтауы мүмкін

30.09.2026 23:22

Криштиану Роналду Португалия құрамасынан кетіп қалды

41 жастағы форвард Ұлттар лигасындағы Уэльске қарсы матчта (1:0) 67 минут ойнап, Норвегиямен кездесуде (2:1) тіпті алаңға шықпаған еді. Бұның себебін бас бапкер Жорже Жезуш былай түсіндірді:

«Мен бапкермін. Не деймін, сол болады. Мен ойыншыны матчқа шығарғым келмесе, ол қосалқы құрамда қалады. Егер сен маған 30 минутқа керек болсаң – ойнайсың, ал қажет болмасаң – ойнамайсың. Ешбір ойыншы, тіпті президент менің ойымды өзгерте алмайды. Роналду кеше залда жаттықты және бүгін де жаттығады»,– деді Жезус.

Marca хабарлауынша, Роналду осы сөзден кейін өзінің жеке ұшағына отырып, Мадридке аттанып кеткен. Криш алдағы Дания (01.10) мен Норвегияға (04.10) қарсы ойынға қатыспайды. Тіпті осы жерден Ұлттық құрамадағы мансабын аяқтауы мүмкін.

Роналду Португалия құрамасындағы алғашқы матчын 2003 жылы Қазақстанға (1:0) қарсы өткізген еді. Ол содан бері Ұлттық команда сапында 234 матчта 146 гол соғып, 45 нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram