30.09.2026 01:55
Ұлттар лигасы: Қазақстан Словакияға есе жіберді
30.09.2026 01:55
Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасындағы екінші кездесуінде Словакияға есе жіберді

Кошице қаласында өткен кездесуде 2:1 есебі тіркелді. Ойынның 26-минутында алаң иелерінің вингері Лео Зауэр есеп ашты. 35-минутта бізден Рамазан Кәрімов мергендік танытып, таразы басын теңестірді. Ал 82-минутта Давид Ганцко гол соғып, Словакияға жеңіс әкелді.
Джон ван'т Шкип баптайтын біздің жігіттер келесі екі ойынын «Астана Аренада» өткізеді. Алдымен 2 қазанда Молдовамен күш сынасса, араға төрт күн салып, Фарер аралдарымен ойнайды.