29.09.2026 08:56

«Бавария» Нойердің орнына қақпашы алмақ

29.09.2026 08:56

«Эвертон» қақпашысы Джордан Пикфорд «Баварияға» ауысуы мүмкін

Алан Никсонның хабарлауынша, Мюнхеннің клубы оны 30 маусымда келісімшарты аяқталатын 40 жастағы Мануэль Нойердің орнына қарастырып отыр. Бас бапкер Венсан Компани Пикфордты біраздан бері зерттеп жүр екен. Ал «Эвертон» негізгі ойыншысын сатқысы келмейді.

32 жастағы Англия құрамасының голкипері осы маусымда жеті матчта үш гол өткізіп, бес ойында қақпасына доп жібермеді. Оның «Эвертонмен» келісімшарты 2029 жылдың жазына дейін жарамды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram