29.09.2026 00:00
Гакпо қатардан шықты
29.09.2026 00:00
Нидерланд құрамасының шабуылшысы Коди Гакпо жарақат алды

27 жастағы форвард Ұлттар лигасындағы Сербияға (2:1) қарсы ойында тобығын зақымдап алды. Осыған байланысты ол бірнеше апта алаңға шыға алмайды. Гакпо құрамадан кетіп, клубы «Ливерпульге» оралды.
Коди осы маусымда алты матчта екі гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.