27.09.2026 20:48
«Барселона» ойыншысы қатардан шықты
27.09.2026 20:48
Испания құрамасының қорғаушысы Эрик Гарсия жарақат алды

25 жастағы «Барселона» ойыншысы Ұлттар лигасындағы Англияға (3:2) қарсы ойын алдындағы дене қыздыру кезінде оң жақ тізесін зақымдап алыпты. Осыған байланысты Эрик клубына оралады. Ал оның орнына «Атлетикодан» Робин Ле Норман шақырту алды.
Испания Ұлттар лигасындағы келесі матчын 29 қыркүйек күні Хорватияға қарсы өз алаңында өткізеді. Одан кейін Чехияны (3 қазан) қабылдап, қайтадан Хорватияға (6 қазан) қонаққа барады.
Гарсия «Барселона» намысын 2021 жылдан бері қорғап келеді. Ол оған дейін «Манчестер Ситиде» ойнаған. Ал осы маусымда алты матчқа қатысып, нәтижелі әрекетімен көзге түсе алмады.