27.09.2026 20:33

Ван Дейк «Миланға» ауысуы мүмкін

27.09.2026 20:33

«Ливерпуль» қорғаушысы Вирджил Ван Дейк мансабын Италияда жалғауы мүмкін

Карло Пеллегаттидің хабарлауынша, оған «Милан» көз тігіп отыр. «Россонерри» Ван Дейкті осы жазда келісімшарты аяқталған соң, қатарына еркін агент ретінде қосқысы келеді. Рубен Аморим жаттықтыратын команда Вирджилге маусым соңына қарай осы ұсынысты жасап көрмек.

35 жастағы Нидерланд құрамасының ойыншысы «Ливерпуль» намысын 2018 жылдан бері қорғап келеді. Ол осы маусымда алты матчқа қатысып, нәтижелі әрекетімен көзге түсе алмады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram