26.09.2026 23:09

Ұлттар лигасы: Қазақстан құрамасы Фарер аралдарымен тең тарқасты

26.09.2026 23:09

Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының бірінші ойынында сырт алаңда Фарер аралдарымен тең тарқасты

Торсхавн қаласында өткен кездесуде 1:1 есебі тіркелді. Ойынның 14-минутында Аки Самуэльсен есеп ашты. Бізден 26-минутта Темірлан Ерланов Бауыржан Исламханның бұрыштамадан асырған добынан кейін баспен гол соғып, таразы басын теңестірді.

Джон ван'т Шкип жаттықтыратын Ұлттық құрама келесі кездесуін 29 қыркүйек күні Словакияға қарсы түзде өткізеді. Одан соң Молдова (2 қазан) мен Фарер Аралдарын (6 қазан) қабылдайды. Ал келесі халықаралық үзілісте Молдовамен сыртта (13 қараша) және Словакиямен үйде (16 қараша) ойнап, турнирді қорытындылайды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram