25.09.2026 09:00

Салиба қатарға қашан оралады?

25.09.2026 09:00

«Арсенал» қорғаушысы Уильям Салибаның жағдайы белгілі болды

Фабрис Хокинстің мәліметінше, Салиба әлі де ем қабылдап жатыр. Егер бәрі ойдағыдай болса, алаңға желтоқсан айында оралады екен.

25 жастағы француз өткен маусымның соңында арқасын зақымдап алған. Ол соған қарамастан Әлем чемпионатында жартылай финалға дейін Ұлттық құрамасына көмектесті. Ал осы маусымда Салибаның орнына жазда «Астон Вилладан» 59,6 миллион еуроға ауысып келген Эзри Конса ойнап жүр.

Салиба Лондонның клубына 2019 жылы «Сент-Этьеннен» 30 миллион еуроға ауысып келген. Уильямның «зеңбірекшілермен» келісімшарты 2030 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram