24.09.2026 16:04

Ибраима Конате жарақат алды

24.09.2026 16:04

«Реал» қорғаушысы Ибраима Конате қатардан шықты

27 жастағы ойыншы оң жақ тізесінің сіңірін созып алыпты. Осыған байланысты ол Франция құрамасының алдағы матчтарына қатыспайды және клубына оралады. Ал оның орнына «Манчестер Юнайтедтен» 20 жастағы Лени Йоро алғаш рет Ұлттық құрамаға шақырту алды.

Франция жақында Ұлттар лигасының аясында төрт матч өткізеді. Алдымен Түркия (25.09) мен Бельгияға (28.09) қонаққа барса, кейін Италия (02.10) және қайтадан Бельгияны (05.10) қабылдайды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram