08.02.2026 23:48
«Бавария» «Хоффенхаймды» ойсырата жеңді
08.02.2026 23:48
Германия Бундеслигасының 21-турында «Бавария» өз алаңында «Хоффенхаймды» 5:1 есебімен тізе бүктірді

«Альянц Аренада» өткен кездесуде алаң иелерінің сапында Харри Кейн пенальтиден дубль жасаса, Луис Диас хет-трик авторы атанды. Ал қонақтардың жалғыз голын Андрей Крамарич соқты.
Осылайша 54-ұпайын еншілеген Мюнхеннің клубы турнир кестесінде көш басында қала береді.
Венсан Компани шәкірттері келесі турда 14 ақпан күні «Вердерге» қонаққа барады. Ал одан үш күн бұрын Германия кубогының ширек финалында «Лейпцигті» қабылдайды.