07.09.2025 19:21
«Бавария» Николас Джексонды сатып алмайды
07.09.2025 19:21
«Бавария» «Челсиден» жалға алған Николас Джексонды толыққанды қатарына қосуды көздеп отырған жоқ.
Мюнхендіктер шабуылшыны 16,5 млн еуроға жалға алған еді. Сол соманың 3 млн еуросын Джексон мен агенті төлепті.
Ал «Бавария» құрметті президенті Ули Хенестің айтуынша, толыққанды трансфер жүзеге асуы үшін Николас 40 ойын негізгі құрамда шығуы керек екен.
Сондықтан Хенесс 65 млн еуроға сатып алу мүмкін емес екенін айтты.