14.12.2025 00:24
«Барселона» «Осасунаны» тізе бүктірді
14.12.2025 00:24
Испания Ла Лигасының 16-турында «Барселона» өз алаңында «Осасунадан» басым түсті

«Камп Ноу» стадионында өткен кездесуде 2:0 есебі тіркелді. Каталония клубының сапында Рафинья дубль авторы атанды.
Осылайша 43-ұпайын олжалаған «блауграна» турнир кестесінде көш басында қала береді.
Ханси Фликтің шәкірттері келесі турда 21 желтоқсанда «Вильярреалға» қонаққа барады. Ал одан бес күн бұрын Ел кубогының 1/16 финалы аясында «Гвадалахарамен» кездеседі.