26.07.2026 17:39
«Барселона» ойыншысы «Миланға» ауысуы мүмкін
26.07.2026 17:39
«Барселона» қорғаушысы Жерар Мартин «Миланға» ауысуы мүмкін

Goal хабарлауынша, «россонери» оны жоғары бағалайды және қос тарап жақында келіссөз бастады.
Ал El Nacional берген ақпаратқа сенсек, «Милан» Мартин үшін 20 миллион еуро ұсынған, бірақ Каталонияның клубы мұны тым аз деп есептейді. «Блауграна» Жерарды шамамен 35 миллионға бағалап отыр.
24 жастағы испаниялық ойыншы өткен маусымда 51 матчқа қатысып, бір нәтижелі пас берді.