04.02.2026 03:51

«Барселона» Испания кубогының жартылай финалына шықты

04.02.2026 03:51

Испания кубогының ширек финалында «Барселона» сырт алаңда «Альбасетені» 2:1 есебімен жеңді

Каталония клубының сапында Ламин Ямаль мен Рональд Араухо мергендік танытты.

Осылайша «блауграна» турнирдің жартылай финалына жолдама алды.

Айта кетейік, 22 турдан кейін 55 ұпай жинаған Ханс-Дитер Фликтің шәкірттері Испания Ла Лигасында көш бастап тұр.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram