21.05.2026 13:38

«Барселона» Дьокерешке көз тікті

21.05.2026 13:38

«Арсенал» шабуылшысы Виктор Дьокереш «Барселонаға» ауысуы мүмкін

El Nacional хабарлауынша, «блауграна» 27 жастағы швед форвардына қызығушылық танытуда. Бірақ трансфер тек Ферран Торрес «Астон Виллаға» және Олли Уоткинс «Арсеналға» ауысқан жағдайда ғана болады екен.

Дьокереш «Арсеналға» өткен жазда «Спортингтен» 66,9 миллион еуроға келіп қосылған еді. Ол осы маусымда 53 матчта 21 гол соғып, үш нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram