07.04.2026 09:33
«Барселона» Бастониге ұсыныс жасады
07.04.2026 09:33
«Интер» қорғаушысы Алессандро Бастони «Барселонаға» ауысуға жақын

Sport Mediaset хабарлауынша, Каталонияның клубы ол үшін 45 миллион еуро ұсыныс жасады. «Интер» болса сатуға дайын, бірақ 60 миллион сұрап отыр. Ал Бастонидің өзі «блауграна» сапына қосылғысы келеді.
26 жастағы италиялық ойыншы «нерадзурри» намысын 2017 жылдан бері қорғап келеді. Ол осы маусымда 36 матчта екі гол соғып, алты нәтижелі пас берді.