07.04.2026 09:11
Спаллетти 300-жеңісіне қол жеткізді
07.04.2026 09:11
Италия А Сериясының 31-турында «Ювентус» өз алаңында «Дженоаны» 2:0 есебімен жеңді

Бұл «бьянконери» бас бапкері Лучано Спаллетти үшін Италия А Сериясындағы 300-жеңіс болды.
67 жастағы жергілікті маман осыған дейін Италияның «Эмполи», «Сампдория», «Венеция», «Удинезе», «Рома», «Интер» және «Наполи» клубтарын жаттықтырған.
Спаллетти А Сериясындағы жеңістер саны бойынша төртінші орында тұр. Көш басында – Джованни Трапаттони (352 жеңіс). Екінші орынға Массимилиано Аллегри жайғасса (320), үздік үштікті Нерео Рокко (302) түйіндеген.