07.04.2026 08:44

«Манчестер Юнайтед» ойыншысына «Реал» көз тікті

07.04.2026 08:44

«Манчестер Юнайтед» қорғаушысы Диогу Далот «Реалға» ауысуы мүмкін

Fussball daten хабарлауынша, Мадридтің клубы оны шау тартып қалған Дани Карвахальдың орнына қарастырып отыр және жазда ұсыныс жасамақ. Одан бөлек «бланкос» шорт-листінде «Баварияда» ойнайтын Йосип Станишич бар екен.

27 жастағы Португалия құрамасының ойыншысы «қызыл сойқандардың» намысын 2018 жылдан бері қорғап келеді. Ол осы маусымда 31 матчта бір гол соғып, үш нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram