10.06.2026 12:13

«Атлетико» президенті: Хулиан Альварес сатылмайды

10.06.2026 12:13

«Атлетико» президенті Энрике Сересо клуб шабуылшысы Хулиан Альвареске қатысты пікір білдірді

«Реал» ресми ұсыныс жасады дейсіз бе? Хулиан Альварес бәрібір сатылмайды. Одан айырылғымыз келмейді»,– деді Сересо.

Осыған дейін «Реал» Альварес үшін «Атлетикоға» 150 миллион еуро көлемінде ресми ұсыныс жолдағанын хабарлаған еді. Бірақ «матрасшылар» алғыс айтып, мұны қабылдамады.

Альварес «матрасшылар» сапына 2024 жылы «Манчестер Ситиден» 75 миллион еуроға ауысып келген еді. 26 жастағы аргентиналық форвард осы маусымда 49 матчта 20 гол соғып, тоғыз нәтижелі пас берді және биыл Әлем чемпионатына барады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram