04.06.2026 15:29
«Арсеналдан» бір ойыншы кетеді
04.06.2026 15:29
«Арсенал» вингері Леандро Троссард жазда клубтан кетеді

Экрем Конурдың хабарлауынша, Лондонның командасы онымен қош айтысуға дайын. Қазір Леандроға «Атлетико», «Ньюкасл», «Астон Вилла», «Интер», «Ювентус», «Галатасарай», «Бешикташ» және «Фенербахче» қызығушылық танытуда.
31 жастағы бельгиялық ойыншы «зеңбірекшілер» сапына 2023 жылы «Брайтоннан» 24 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол осы маусымда 50 матчта сегіз гол соғып, 11 нәтижелі пас берді және биыл Әлем чемпионатына барады.