12.02.2026 12:10
«Арсенал» ойыншысы қатардан шықты
12.02.2026 12:10
«Арсенал» шабуылшысы Кай Хаверц жарақат алды

26 жастағы неміс ойыншысы «Сандерлендке» қарсы матчта (3:0) бұлшық етін зақымдап алыпты.
Осыған байланысты алдағы төрт матчқа қатыспайды екен. Ал қатарға 1 наурызда өтетін «Челсиге» қарсы матчта оралады деп күтілуде.
Хаверц осы маусымда жеті матчта екі гол соғып, екі нәтижелі пас берді.