12.02.2026 10:57
Ван Дейк рекорд орнатты
12.02.2026 10:57
«Ливерпуль» қорғаушысы Вирджил ван Дейк рекорд орнатты

34 жастағы ойыншы «Сандерлендке» (1:0) қарсы ойында мергендік танытқан еді. Бұл оның «Ливерпуль» сапында жүріп АПЛ-де соққан 23-голы болды.
Осылайша Вирджил Мерсисайд клубының тарихында ішкі біріншілікте ең көп гол соққан қорғаушы атанып, Сами Хююпяның рекордын жаңартты.
Ван Дейк «қызылдардың» намысын 2018 жылдан бері қорғап келеді. Осы аралықта 355 матчта 32 гол соғып, 16 нәтижелі пас берді.