24.05.2026 22:50

«Арсенал» маусымды жеңіспен аяқтады

24.05.2026 22:50

Ағылшын Премьер-лигасының 38-турында «Арсенал» сырт алаңда «Кристал Пэластан» 2:1 есебімен басым түсті

«Селлхерст Паркте» өткен кездесуде «Арсенал» сапынан Габриэль Жезус пен Нони Мадуеке мергендік танытты. Ал алаң иелерінің жалғыз голын Жан-Филипп Матета соқты.

Осылайша «зеңбірекшілер» маусымды 85 ұпаймен аяқтады. Микель Артетаның шәкірттері бұған дейін мезгілінен бұрын чемпион атанып қойған еді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram