24.05.2026 20:15

Жоао Педро «Барселонаға» ауыспайды

24.05.2026 20:15

«Челси» шабуылшысы Жоао Педро клубтан кетпейді

Бен Джейкобстың хабарлауынша, Лондонның клубы оны рекордты ұсыныс түссе де сатпайды. Қазір оған «Барселона» қызығушылық танытуда.

24 жастағы бразилиялық форвард «көктер» сапына өткен жазда «Брайтоннан» 63,7 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол осы маусымда 50 матчта 20 гол соғып, тоғыз нәтижелі пас берді және «Челсидің» үздік ойыншысы атанды. Бірақ оны Бразилия құрамасының бас бапкері Карло Анчелотти Әлем чемпионатына қатысатын ойыншылардың нақты тізіміне қоспады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram