24.05.2026 20:47
Бруну Фернандеш рекорд орнатты
24.05.2026 20:47
«Манчестер Юнайтед» капитаны Бруну Фернандеш тарихи нәтиже тіркеді

Ол АПЛ соңғы 38-турындағы «Брайтонға» қарсы матчта 33-минутта гол соққан Патрик Доргуға нәтижелі пас берді.
Осылайша 31 жастағы португалиялық жартылай қорғаушы Англия чемпионатының бір маусымында ең көп ассист жасаған ойыншы атанды. Бұл Брунудың 21-ші ассисті болды. Ал бұған дейінгі рекорд 20 рет әріптесінің гол соғуына септігін тигізген Тьерри Анри (2002/03) мен Кевин де Брюйнеге (2019/20) тиесілі болған.
Фернандеш «қызыл сойқандардың» намысын 2020 жылдан бері қорғап келеді. Ол осы маусымда жалпы 37 матчта сегіз гол соғып, 20 нәтижелі пас берді.