04.12.2025 22:37
АПЛ қараша айының үздік бапкері кім болады?
04.12.2025 22:37
Ағылшын Премьер-лигасының қараша айындағы «үздік бапкері» атағынан дәмелі алты тәлімгер белгілі болды

Үміткерлер тізіміне Микель Артета («Арсенал», 2 жеңіс, 2 тең), Унаи Эмери («Астон Вилла», 3 жеңіс, 1 жеңіліс), Пеп Гвардиола («Манчестер Сити», 3 жеңіс, 1 жеңіліс), Фабиан Хюрцелер («Брайтон», 3 жеңіс, 1 тең), Энцо Мареска («Челси», 3 жеңіс, 1 тең) және Марко Сильва («Фулхэм», 3 жеңіс, 1 жеңіліс) кірді.
Бұл жүлдені тамызда Арне Слот («Ливерпуль»), қыркүйекте Оливер Гласнер («Кристал Пэлас»), ал қазанда Рубен Аморим («Манчестер Юнайтед») жеңіп алған еді.
Айта кетейік, 14 турдан кейінгі турнир кестесінде 33 ұпай жинаған «Арсенал» көш бастап тұр.