29.08.2025 10:41

АПЛ клубы Фермин үшін 100 млн еуро ұсынбақ

29.08.2025 10:41

«Барселона» ойыншысы Фермин Лопеске англиялық клуб көз тікті

Хосе Альварестің мәліметінше, «Ньюкасл» жазғы трансфер кезеңінің соңғы күндері құрамын күшейтуді көздейді.

Осы мақсатта «сауысқандар» қатарына Ферминді қосқысы келеді. Испаниялық жартылай қорғаушы үшін 100 миллион еуро ұсыныс жасауға қамданып жатыр. Ал 22-жастағы футболшыға қазіргі табысынан төрт есе қымбат жалақы төлеуге дайын екен.

Осыған дейін Фермин кез-келген ұсынысқа қарамастан каталониялық ұжымда қалу туралы шешім қабылдаған болатын.

Фермин Ла Лиганың өткен маусымында 28 ойынға қатысып, 6 гол соғып, 5 нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram