30.08.2025 08:21
Антони «Бетиске» ауыспауы мүмкін
30.08.2025 08:21
Бірнеше дереккөздің хабарлауынша, Антони осы жазда «Бетиске» ауыспауы бек мүмкін.
«Манчестер Юнайтед» 25 жастағы вингерді «бетикосқа» 25 млн фунтқа жіберуге келісті. Сондай-ақ келесі сатылымнан 50%-ын алатын еді.
Бірақ испаниялықтар бразилиялық ойыншының жалақысын көп санап, ұсынысын қайтарып алды.
Енді не Антонидің жалақысын азайтқанын, не «қызыл сойқандардың» трансфер құнын төмендеткенін талап етіп отыр.