29.08.2025 21:40
Хави Симонс «Тоттенхэм» ойыншысы атанды
29.08.2025 21:40
Хави Симонс «Лейпцигтен» «Тоттенхэмге» ауысты
Қос тарап 2030 жылға дейін жарамды келісімшартқа қол қойды. Сондай-ақ, тағы екі маусымға ұзарту мүмкіндігі қарастырылған.
Лондондық клуб 22-жастағы жартылай қорғаушы үшін «қызыл бұқаларға» 60 миллион еуро төлейді.
Голландиялық футболшы жаңа клубында 7-нөмірмен ойнайтын болды.
Симонс өткен маусымда 33 ойынға қатысып, 11 гол мен сегіз нәтижелі пастың авторы атанды.