09.10.2025 08:45

Аморим «Ман Юнайтедте» қалатын болды

09.10.2025 08:45

«Манчестер Юнайтед» клубының қожайыны Джим Рэтклифф бас бапкер Рубен Аморимге үш жыл уақыт беретінін айтты

— «Аморимнің алғашқы маусымы жақсы болды деп айта алмаймын. Енді Рубенге алдағы үш жылда өзінің білікті бапкер екенін көрсету керек»,– деді Рэтклифф.

Аморим манкуниандықтарды өткен жылдың қараша айында тізгіндеген еді. Осы аралықта «қызыл сойқандар» 50 матчта 20 рет жеңіске жетіп, тоғыз мәрте тең түсіп, 21 ойында жеңіліс тапты.

Жеті турдан кейін 10 ұпай жинаған «қызыл сойқандар» Ағылшын Премьер-лигасының турнир кестесінде 10-орында келеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram