12.01.2026 23:07
Алонсоның неліктен кеткені белгілі болды
12.01.2026 23:07
Бүгін, 12 қаңтарда Хаби Алонсо «Реал» бас бапкері қызметінен босатылды

Пепе Альварестің хабарлауынша, Алонсо мұндай шешімді өзі қабылдады. Ол футболшылардан өзіне деген құрметті көре алмапты. Сондай-ақ клуб басшылығынан да қолдау таппаған екен.
— «Кешегі ойыннан кейін Алонсо командасынан «Барселонаға» құрмет көрсетіп, соңына дейін алаңда тұруын сұраған. Мұны естіген Мбаппе әріптестерін керісінше киім ауыстыратын бөлмеге алып кетті. Ойыншылар Алонсоның сөзін жерге қалдырып, Килианның артынан ерді»,– деді Пепе Альварес.
44 жастағы испан маманы «бланкосты» маусым айынан бері жаттықтырған еді. Осы аралықта команда 24 рет жеңіске жетіп, төрт мәрте тең түссе, алты матчта қарсыласына есе жіберді.
Айта кетейік, Алонсоның орнын осыған дейін Кастильяда қызмет еткен Альваро Арбелоа басты.