12.09.2025 14:40
Әли Әлиев қызметінен босатылды
12.09.2025 14:40
Әли Әлиев ресми түрде Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кетті
Отандық маман Бельгияға (0:6) қарсы ойыннан кейінгі баспасөз мәслихатында өз еркімен орнын босататынын мәлімдеген еді.
Енді бүгін Қазақстан футбол федерациясы 44 жастағы тәлімгердің сұранысын мақұлдады.
Әлиев ұлттық құрама тізгінін қаңтар айында ұстаған болатын. Осы аралықта команда ресми матчтарда Уэльс (1:3, 0:1), Солтүстік Македония (0:1) және Бельгия (0:6) құрамаларынан жеңіліп, тек Лихтенштейннен (2:1) басым түсті.