27.08.2025 17:00
Алессандро Флоренци мансабын аяқтады
27.08.2025 17:00
Италиялық футболшы Алессандро Флоренци мансабын аяқтағанын мәлімдеді
Осы жазда «Миланнан» кеткен қорғаушы 34 жасында бутсасын шегеге ілуді жөн көріпті.
Флоренци мансабында «Кротоне», «Рома», «Валенсия», «ПСЖ» және «Милан» клубтарының намысын қорғаған.
Одан бөлек Италия ұлттық құрамасында 49 матч өткізді.
Футболдағы ғұмырында Флоренци бес трофейді төбесіне көтерген. «Милан» сапында Италия чемпионы атанса, «ПСЖ» құрамында Франция Кубогы мен Суперкубогын жеңіп алды. Ұлттық құрама жейдесінде 2021 жылы Еуропа чемпионатында топ жарды. Сондай-ақ, жасөспірімдер арасында «Ромамен» бірге А Сериясында алтыннан алқа тақты.