07.10.2025 10:27
2026 жылғы «Алтын доп» рейтингі жарияланды
07.10.2025 10:27
Give me Sport порталы 2026 жылғы «Алтын доп» рейтингін болжап көрді
Британиялық басылым құрастырған тізімнің көшін Килиан Мбаппе бастап тұр. Екінші орынға Ламин Ямаль жайғасқан. Ал үздік үштікті Харри Кейн түйіндеді.
Сондай-ақ бұл футболшылардың қатарына Лионель Месси мен Криштиану Роналду да кіріпті. Нақтырақ айтсақ, аргентиналық дүлдүл 16, ал португалиялық супержұлдыз 20-орынға жайғасқан.
Толық рейтинг мынадай:
Килиан Мбаппе («Реал», Франция)
Ламин Ямаль («Барселона», Испания)
Харри Кейн («Бавария», Англия)
Осман Дембеле (ПСЖ, Франция)
Педри («Барселона», Испания)
Эрлинг Холанд («Манчестер Сити», Норвегия)
Джуд Беллингем («Реал», Англия)
Мұхамед Салах («Ливерпуль», Египет)
Винисиус Жуниор («Реал», Бразилия)
Родри («Манчестер Сити», Испания)
Майкл Олисе («Бавария», Франция)
Рафинья («Барселона», Бразилия)
Деклан Райс («Арсенал», Англия)
Витинья (ПСЖ, Португалия)
Вирджил ван Дейк («Ливерпуль», Нидерланд)
Лионель Месси («Интер Майами», Аргентина)
Жоау Невеш (ПСЖ, Португалия)
Райан Гравенберх («Ливерпуль», Нидерланд)
Букайо Сака («Арсенал», Англия)
Криштиану Роналду («Әл-Наср», Португалия).
Еске салсақ, биыл беделді марапатты Осман Дембеле жеңіп алған еді.