24.09.2025 15:48
2026 жылғы «Алтын доптан» басты үміткерлер аталды
24.09.2025 15:48
Goal порталы 2026 жылғы «Алтын допқа» басты үміткер футболшыларды атады
Рейтингтің көшін Ламин Ямаль бастап тұр. Екінші орынға Килиан Мбаппе жайғасса, үздік үштікті Эрлинг Холанд түйіндеді. Ал биылғы «Алтын доп» иегері Осман Дембеле сегізінші сатыдан көрінді.
Goal нұсқасы бойынша 2026 жылғы «Алтын допқа» басты үміткерлер:
Ламин Ямаль, «Барселона» (Испания);
Килиан Мбаппе, «Реал» (Франция);
Эрлинг Холанд, «Манчестер Сити» (Норвегия);
Харри Кейн, «Бавария» (Англия);
Мұхамед Салах, «Ливерпуль» (Египет);
Педри, «Барселона» (Испания);
Витинья, ПСЖ (Португалия);
Осман Дембеле, ПСЖ (Франция);
Ашраф Хакими, ПСЖ (Марокко);
Коул Палмер, «Челси» (Англия).
Айта кетейік, екі күн бұрын, 22 қыркүйекте Осман Дембеле 2025 жылғы «Алтын доп» иегері атанған еді. Сондай-ақ, үздік үштіктің қатарына Ламин Ямаль (екінші) мен Витинья (үшінші) енді.